Энергетикалық сусындарды тұтыну ережесін білесіз бе? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Энергетикалық сусындарды тұтыну ережесін білесіз бе?

19.06.2015
Энергетикалық сусындарды тұтыну ережесін білесіз бе?

Дания, Норвегия, Франция. Осы үш мемлекетте ғана энергетикалық сусындар дәріханаларда сатылады. Яғни, біз күнделікті тұтынып жүрген сусынды олар дәрі-дәрмек қатарына жатқызады. Бір кездері дәл осындай ұсынысты Мәжіліс  депутаттары айтқан еді.

Тіпті, Денсаулық сақтау министрлігі энергетикалық сусындарды 21-ге жетпеген жандарға сатуға тыйым салатын Қаулы қабылдады. Алайда, аталмыш Қаулы күшіне енбеген соң, сауда орындарында энергетикалық сусындар самсап тұр.

Күн ыстықта шөлді қандыратын бірден-бір сусын – газдалған және энергетикалық сусындар. Ал, олардың құрамында кофеин көп мөлшерде болатынын көп ел біле бермейді. Кофеинді шамадан тыс пайдалану ашушаңдыққа, ұйқысыздыққа алып келеді.

Энергетикалық сусындарды жүкті әйелдерге, балаларға, гипертониядан зардап шегетіндерге, жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққан адамдарға, ұйқысы бұзылғандарға, кофеинге сезімталдығы бар жандарға тұтынуға тыйым салынады.

Мұндай сусындарды тұтыну ережесін білесіз бе? Толығырақ «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу