Айтыс – қазақтың ауызекі әдеби – музыкалық өнерінің көлемді және аса құнды салаларының бірі. Ол – суырып салма ақындық өнерінің жемісі. Айтыста халықтың әдет- ғұрпы, тұрмыс-салты, дүниетанымы, эстетикалық, руһани, философиялық және әлеуметтік көзқарасы, қалыптасу тарихы байқалады.
Айтыстың басты ерекшелігі – оның суырыпсалмалығы. Бұл өнер түрі қазаққа ағайындас, тұрмыс-тіршілігі, шаруашылығы, қоғамдық өмірі ұқсас келетін қырғыз, түркімен, қарақалпақ халықтарында да кездеседі.
Айтыста көтерілетін тақырыптар сан алуан. Тақырыптар көбіне халықтың тұрмысын жан-жақты көрсетіп, барынша ашық бейнелейді.
Бүгін 18:10-да «Ғасырлар үні» осы айтыс төңірегінде әңгіме өрбітпек.