Бүгінде туындылары театрда жиі сахналанып жүрген драматург, қазақ оқырмандарының ғана емес, шығармалары шетелдіктердің де сұранысына ие көрнекті жазушы, қарымды қаламгерлердің бірі – Әкім Тарази.
Әдебиетке өз соқпағын сала келген қаламгер небір терең ойлы, тағылымды әңгіме, хикаят, роман, пьесалар жазды. Ешкімге ұқсамайтын, қайталанбайтын өз стилін қалыптастырды.
Ол – ақиқатты ашық айтудан айнымаған, жалтақтауды білмейтін, шығармашылық өнерге аса жауапкершілікпен қарайтын дара суреткер.
«Әдебиеттің де, өнердің де мақсаты – бір. Адамның жан дүниесін тазарту, эстетикалық тәрбие беру. Бірнеше кино көрсең, келесі жаңасы шыққанда ол ұмытылып қалуы мүмкін. Ал, бір роман оқып шықсаң, ол – өмірлік азығың. Бұл кино өнерін төмендету өмес, адам санасы сөзбен қалыптасатынының дәлелі»,- дейді Әкім Тарази.
Жазушының шығармашылық жолы туралы білгілеріңіз келсе, бүгін сағат 21:00-де «Сенбілік кездесуді» көріңіз.