Байқауға қатысушылар «Адам, қоғам және мемлекет арасындағы қарым-қатынас мәселелері» тақырыбында туындыларын жібере алады.
Үміткерлер «Мәселе», «Қақтығыс», «Келісім» аталымдары бойынша бақ сынайды.
Байқау шарты бойынша, фотосуреттер топтамасы соңғы 4 жыл ішіндегі оқиғаны қамтып, 5 суреттен кем болмауы және 11 суреттен аспауы тиіс. Ал, топтама атауы мен қолтаңбасы ағылшын тілінде көрсетілуі керек.
Өтінімдер 31 маусымға дейін қабылданады.
Жеңімпаздардың шығармалары арнайы көрмеге қойылмақ, деп хабарлайды ijnet.org.