23 маусым - Қазақстан полициясы күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

23 маусым - Қазақстан полициясы күні

21.06.2015
23 маусым - Қазақстан полициясы күні

1992 жылы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдады.

Бұл - Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт.

2007 жылы 5 маусым күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 23 маусым - Полиция күні деп бекітілді.

Қазақстан полициясы күні - осы жауапты қызметті жолға қоюдың басы-қасында болғандарға, ардагерлерге және бүгінде еңбек етіп жүргендерге ризашылық пен алғыс білдіру күні.

Сонымен қатар, бұл күн бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірлерін құрбан еткендерге құрмет көрсету күні болып саналады.

 

ФОТО: kazvesti.kz

Хабарламаларға жазылу