Марат Омаров: Қазақстан мен Еуразия елдері арасындағы достық қоғамын құрудағы көздегеніміз – қазақты әлемге таныту - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Марат Омаров: Қазақстан мен Еуразия елдері арасындағы достық қоғамын құрудағы көздегеніміз – қазақты әлемге таныту

23.06.2015
Марат Омаров: Қазақстан мен Еуразия елдері арасындағы достық қоғамын құрудағы көздегеніміз – қазақты әлемге таныту

Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында  Қазақстан мен Еуразия елдері арасындағы достық, ынтымақтастық, мәдени қоғамы құрылды.

Қоғамның атқарып жатқан жұмыстары мен жаңалықтары төңірегінде әңгіме өрбіткен қоғам төрағасы Марат Омаров: «Бұл негізі Анталияда қазақтың мәдениетін, қолөнерін, салт-дәстүрін, ұлттық құндылығын дәріптеу мақсатында  құрылған қоғам.

Біз мұны «100 нақты қадамның» ішіне кіреді, деп ойламаған едік. Себебі, көздегеніміз – достық көпірін салу, қазақты әлемге таныту.  Сондай-ақ, қоғам жұмысына жергілікті телевизия да атсалысуда. Ол апта сайын Қазақстанды таныту мақсатында екі сағаттық бағдарлама береді.

Соның нәтижесінде Еуропа қазақтары хабарласып, қоғамның ашылғанына қуанып, «балаларымызды қазақ тіліне, әніне, домбырасына үйретуде өте жақсы болды»,-деп жатыр. Осылайша, Еуропаға жол ашылуда»,-дейді.

Ал, Бибімәриям Омарова Түркияда өткен «Алтын жұлдыз» фестивалінде бас жүлдені иеленіп қайтты.

«Былтыр Бибімәриям Нью-Йорк академиясына оқуға жолдама алған болатын. Анталияда Гарвард университетінің филиалы ашылған еді.  Бізге жақыны сол болғандықтан, Анталиядағы оқуын үздік бітіріп келіп отыр. Ал, бүгінде  оқуын жалғастыруда»,-дейді Марат Омаров.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу