Әрбір азамат өз мүлкінің қорғалғанын қалайды. Көлігін тұрғын үй маңына, мекемелер маңына ақылы немесе ақысыз түрде қойғысы келеді.
Бұл – қоғам мүшесінің қалауы және заңды құқығы. Егер көлікті қояр жер болмаса қайтпек? Қойған көлігі қорғалмаса не істейді? Ал, жол жиегін күзететін тұрақшылардың міндеті мен құқығы қандай? Бұл қызмет түрі заңды ма?
«Айтуға оңай...» хабары бүгінгі шығарылымын көлік тұрағы және тұрақшыларға арнайды.