24-30 тамыз аралығында Астана қаласында дзюдо күресінен Әлем біріншілігі өтеді. Осыған орай «Дзюдо федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің баспасөз хатшысы Хасен Молдабаев «Таңшолпанда» қонақта болды.
«Бұл Әлем біріншілігінің маңызы зор. Себебі, әр мемлекет Олимпиада алдында осындай Әлем біріншіліктеріне мықты деген спортшыларын жібереді. Елімізге атақты спортшылар келмек.
Дайындық жұмыстарына келер болсақ, халықаралық Дзюдо федерациясының өкілдері биыл біздің елге екі рет келіп кетті. Аздаған ескерту айтты. Қазір сол кемшіліктермен жұмыс істеп жатырмыз. Жалпы, жарыс «Алау» мұз айдынында өтеді»,-дейді Хасен Молдабаев.
«Бүгінде сайысқа 50-ге жуық мемлекеттің спортшылары тіркелді. Біздің жоспарымыз бойынша, 100-ден астам мемлекеттің өкілдері қатысады. Спортшылар жеті салмақ дәрежесінде бақ сынайды».
«Қазақстанда дзюдо спортының даму қарқыны өте жақсы. Себебі, былтыр қазан айында Гран-при жарысын өткіздік, биыл Әлем біріншілігін қолға алып отырмыз. Осыған қарап-ақ дзюдо спорты насихатының жақсы екенін байқауға болады.
Бізде Әлем біріншілігінің чемпионы, Олимпиада жүлдегері, сонымен қатар, көптеген Гран-при жарыстарының жүлдегерлері бар. Оларға қарап бұл спортқа жас ұрпақ қызығады. Сондықтан, біз дзюдоның бұқаралық сипатын арттырудамыз».
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.