9-11 шілде аралығында Баянауыл демалыс аймағында «Жасыбай толқыны» республикалық жазғы фестивалі өтеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Осымен сегізінші рет ұйымдастырылып отырған фестивальға Павлодар, Батыс Қазақстан облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Қызылорда, Ақтөбе, Ақмола облыстарынан және Астана мен Алматы қалаларынан үздік 40 команда қатыспақ.
Олар Павлодар облысы әкімінің кубогі үшін бақ сынайды.
Айта кетейік, көңілділер мен тапқырлардың ойындары 11 шілде күні сағат 15:00-де қазақ тілінде, сағат 18:00-де орыс тілінде өтеді.