Қасиетті Рамазан айында Шығыс Қазақстан облыстық мешітіне белгілі қоғам және дін қайраткері, түркітанушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, Халифа Алтайдың есімі берілді, деп хабарлайды muftyat.kz.
Осыдан үш жыл бұрын ашылып, аз уақытта өңірдің бірегей рухани һәм келісім орталығына айналған Шығыс Қазақстан облыстық мешітінің бас имамы Нұрлан қажы Асановтың айтуынша, таяуда өңір ардагерлері мен жұртшылығының ұсынысымен мешітке Халифа Алтайдың есімін беру жөніндегі мәселе көтерілген.
Бастама Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқасында талқыланып, бірауыздан қолдау тапты.