Республиканың солтүстігінде, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысы мен орталығында ауа райы ашық болады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейуі ықтимал.
Жамбыл, Атырау Қостанай облыстарының кей жерлерінде, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, найзағай ойнайды, деп күтілуде.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшеймек.
Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз найзағай ойнайды. Маңғыстау облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман болуы мүмкін.
Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз желдің күші 15-20 м/с-қа жетіп, шаңды дауыл көтеріледі.
Павлодар, Қарағанды облыстарында күндіз желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық сақталады.
Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Ақмола, Қарағанды , Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.
Қазгидромет