«Шебердің қолы ортақ» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шебердің қолы ортақ»

29.06.2015
«Шебердің қолы ортақ»

Заман жаңарған сайын өткен күндердің еншісінде қалып жатқан дәстүр мен ұлттық өнеріміз аз емес. Соның бірі – кілем тоқу, киіз басу. Кілем тоқу – қай халықта да ерекше орын алған кәсіп.

Қазақ тұрмысында өрмек тоқумен айналысатын қыз-келіншектер, әйелдер арасынан кілем тоқуды кәсіп еткен шеберлер шыққан. Кілем тоқуда қойдың, түйенің жүндері, ешкінің қылы, өріс және арқау үшін мақта жіпті пайдаланады.

Кілем қазақ халқы тұрмысында айрықша маңызға ие. Дәстүр бойынша өз алдына отау тіккен жас отбасыларға да ең бірінші киіз басып, текемет тоқып берілуі тегін емес.

Алайда, осы күнгі қала тұрмақ,  ауыл баласының өзіне бұл өнер өте таңсық. Бастарына күндік ораған апаларымыздың әнін айтып жүріп киіз басатыны, кілем тоқитыны – ескі кинокадр ғана сияқты.

Осы қазақы өнерді ұмытпай, дәуір көшіне сай жаңғыртып жүрген шеберлер бүгін 21:05-те «Айтуға оңайда».

Хабарламаларға жазылу