Al Jazeera компаниясы ұйымдастырған деректі фильмдердің халықаралық кинофестивалі 26-29 қараша аралығында Доха, Катар қаласында басталмақ.
Бұл шара продюсерлік компаниялар, тәуелсіз кинематографистер, әлеуметтік және әдеби ұйымдар, телеарналар арасында өткізілмек.
Кинофестивальге тек соңғы 2 жыл ішінде түсірілген араб немесе ағылшын тіліндегі фильмдер қатыса алады.
Толықметражды, қысқаметражды кино және ұзақтығы орташа кино дәрежелерін ұтып алған жеңімпаздар, Al Jazeera компаниясының алтын жүлдесі, ақшалай және басқада жүлделерімен марапатталады.
Өтініш 31 шілдеге дейін қабылданады.