4 шілде күні Алматыда «Шымбұлақ» таушаңғысы базасында Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толуына орай «Абай» шыңына (4010 м) бұқаралық көтерілу шарасы мен биіктікке жүгіруден жарыс өтеді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Шараға кез келген ниет білдіруші тұрғын қатыса алады. Альпиниада бағдарламасы бойынша жарыс Шымбұлақтан (2200 м) басталып, Талғар асуы (3200 м), Богданович мұзарты, Абай шыңы (4010 м) бағыты арқылы өтеді.
Шараны құтқару қызметі мен альпинист-құтқарушылар бақылайды.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан 20 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Абай» шыңына көтерілген еді.