Асхат Сағынаев: «KAZsport» – үлкен-кішіге бірдей арман болған арна - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асхат Сағынаев: «KAZsport» – үлкен-кішіге бірдей арман болған арна

01.07.2015
Асхат Сағынаев:  «KAZsport» – үлкен-кішіге бірдей арман болған арна

«KAZsport» телеарнасы 2013 жылдың 1 шілдесінен бастап хабар тарата бастады. Осыған орай телеарнаның бас редакторы Асхат Сағынаев бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.  

«Бұл телеарна еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін арман болған, отандық спорттың қарқынды дамуына үлес қосып келе жатқан арна. Жалпы, Қазақстан спортының соңғы жетістіктеріне қозғаушы күш болған екі үлкен шара бар. Бірі – елімізде өткен VII Қысқы Азия ойындары болса, екіншісі – осы «KAZsport» телеарнасының ашылуы. Бұл бірінші кезекте спорттық мәдениетті қалыптастырды. Сондай-ақ, халық ел мақтаныштарының жетістіктерін көріп-білуде».

«Біздің ең басты жетістігіміз – ел аумағында ұйымдастырылған екі үлкен спорттық шараны тікелей эфирде көрсетуіміз. Яғни, 2013 жылы Алматы қаласында өткен бокстан Әлем чемпионаты мен 2014 жылы ауыр атлетикадан өткен Әлем чемпионаты. Одан бөлек, былтыр Бразилияда өткен футболдан Әлем чемпионатының барысын «KAZsport» телеарнасының қызметкерлері  тікелей репортаж жасау арқылы халық назарына ұсынды.  Бұл – қазақ телевизиясы тарихында алғаш рет болған үлкен шара».

Телеарнаның алдағы жоспарларына тоқталған Асхат Сағынаев: «24-30 тамыз аралығында Астанада дзюдодан Әлем чемпионаты өтеді. Шараны «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Біздің арна секілді бұл Әлем чемпионатынан еш телеарна кең көлемде репортаждар жасамайды. Біз барлық жекпе-жекті көрсетуге ниеттіміз»,-дейді.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу