Қазақстандық қатысушы «Что? Где? Когда?» финалында «Хрусталь үкі» сыйлығын жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық қатысушы «Что? Где? Когда?» финалында «Хрусталь үкі» сыйлығын жеңіп алды

02.07.2015
Қазақстандық қатысушы «Что? Где? Когда?» финалында «Хрусталь үкі» сыйлығын  жеңіп алды

Атырау қаласының тұрғыны, инженер Құралбек Қармысов «Что? Где? Когда?» білгірлер клубының  ең мықты ойыншылары – Виктор Сидневтің командасын ұтты. Бұл туралы «AlmatyNews» хабарлады.

Қазақстандық қатысушы 2015 жылдың жазғы ойындар сериасының ең үздік ойыншысы болып танылды. Ол сонымен қатар, «Хрусталь үкі» мен 530 мың рубль көлеміндегі  жүлде қорын ұтып алды.

Финалда білгірлер командасы телекөрермендерден 6:4 есебімен  жеңілген. Ойын шарты бойынша бас жүлдені ең үздік сұрақ авторы иемденеді. Ал, ол – Құралбек Қармысов болды. Құралбек жапон халқының «Тоорянсэ»  атты ойынына қатысты сұрақ қойған. Айта кету керек, бұл ойын орыстың «Ручеек» ойынына ұқсайды.

Құралбек Қармысовтың осы ойынды жапон билігі қандай мақсатта қолданады деген сауалына  білгірлер «жапондықтар бұл ойын әдісімен қамаудағыларды таңдайды»,-деп жауап берген.

Алайда, дұрыс жауабы – ойынның әрбір жапондыққа таныс әуенін билік бағдаршам белгісі ретінде пайдаланады  екен.

Хабарламаларға жазылу