«Еліміздің экономикасын ортақ нарыққа біріктіруіміз керек. Ол үшін біріккен кәсіпорындарды құруды ойластыру қажет. Басқа елдерді былай қойып, тіпті біздегі көрші облыстардың өзінде бір-бірімен байланыс жоқ.
Халықты кәсіпкерлікке үйрететін арнайы тренингтер өткізу керек. Оларға істі қалай бастау керектігін, қаражат көздері туралы түсіндіру қажет.
1200 шақырымдық «Жезқазған-Бейнеу» теміржолын салдық. Бетпақдаладағы жолдың төңірегінде жүздеген ауыл пайда болды. Бұл - бір ғана мысал.
Сол сияқты теміржол ғана емес, автомобиль жолдары маңында да кетіп бара жатқан көлікке қызмет көрсететін көптеген бизнес ашуға болады», - деді Елбасы.