Телехикая Қазақ театрының 100 жылдығына арналған. Сериал арқылы көрермендер сол кездегі астана Қызылорда қаласында 1925 жылы құрылған тұңғыш ұлттық қазақ театрының тарихымен, өнер ордасының Алматыға көшірілуі кезіндегі көрнекті режиссер Жұмат Шаниннің еңбегімен танысады.
Тарихи телехикаяда 1927 жылы Мәскеуде өткен этнографиялық концерттегі қазақ зиялыларының көрсеткен өнері мен сол кездегі Қалыбек Қуанышбаев, Әміре Қашаубаев, Күләш Байсейітова, Серке Қожамқұлов бастаған қазақ делегациясы құрамындағы қайраткерлердің рөлі жан-жақты көрсетіледі.
Бөлім саны: 3
Жанры: тарихи драма
Қоюшы-режиссер: Жасұлан Пошанов
Рөлдерді сомдағандар:
Жұмат Шанин (жас кезі) - Ғалым Оспанов, (есейген шағы) Азамат Есқұлов
Серке Қожамқұлов - Жандәулет Батай
Әміре Қашаубаев - Біржан Бәзілжанов
Қалыбек Қуанышбаев - Алмас Шаяхметов
Күләш Байсейітова - Инабат Ризабекова