Жайық бойындағы 84 елдімекен су тасқынынан аман қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жайық бойындағы 84 елдімекен су тасқынынан аман қалды

24.04.2024

Батыс Қазақстан облысында тасқынның салдарынан 1292 үйге зақым келіп, 2300-ден астам мал қырылды. Төрт түлігінен айырылған тұрғындарға 188 млн теңге өтемақы төленеді. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев осылай деді. Бұл туралы бізбен тікелей байланысқа шыққалы тұрған тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес толығырақ байндайды. Нұрсұлтан, шығынды өтеу жұмыстары басталды ма? Жалпы, аймақтағы жағдай қандай?

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Баршаға мәлім, Орал маңындағы 100-ден астам саяжайды су басты. Қызыл су кірмеген санаулы бау-бақша серітестігі қалды. Біз қазір соның біріндеміз. Мен тұрған саяжай Венера деп аталады. Бұл аумақты тасқыннан сақтап қалған мына бөгет. Көріп тұрғандарыңыздай, Жайықтың суы көтеріліп, дамбыдан асуына сәл-ақ қалған. Бірақ, мұндағы тұрғындардың алаудауына негіз жоқ. Өйткені Жайықтың деңгейі түсе бастады. Осы өңірде жүрген Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев тасқынның шарықтау шегінен өттік деп отыр. Біз онымен тілдескен едік, сұхбатқа назар салсақ.

Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

Келесі 10 күндікте деңгейі әжептеуір түсетін сияқты. Пикті өттік Орал қаласында. Енді әрі қарай пик Чапай, Тайпақ және Индер ауылдарына барады. Ең бастысы президент тапсырмасы – адамдар аман-есен бәрі.

Жайық бойында орналасқан 84 елдімекенді тасқыннан қорғап қалдық, дейді облыс әкімі. Бастапқыда еріген қар суынан залал келген үйлерді есепке алмағанда, Жайықтан келген нөпір су оншақты үйге ғана кіріпті. Ал қызыл судың құрсауында қалған Орал маңындағы сажайларды қорғап қалу мүмкін болмаған. Оның себебін облыс әкімі былай түсіндірді.

Нариман Төреғалиев, Батыс Қазақстан облысының әкімі:

Олардың барлығының отметкасы қалада 850 см десек, саяжайлар 600-650 см. Сондықтан оларды қорғау мүмкін болмады. Егер біз саяжайларды қорғайтын болсақ, біз 84 елдімекенді жоғалтып алған болар едік.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Яғни, жан-жатан келген күштің барлығы Жайық жағасында оранасқан 84 елдімекен мен қалаға жұмылыдырылған. Өңірде қауіптің беті сейілген жоқ десе де, жағдай тұрақталып келеді. Сондықтан құтқарушылар мен әкерилерден құралған 270 адам Атырауға көмекке жіберілді. Ресми ақпараттар бойынша БҚО-да 1292 үйге залал келген. Сондай-ақ 2300-ден астам мал қырылған. Төрт түлгінен айрылған тұрғындарға 188 млн теңге өтемақы төленеді. Ал, баспанасы суда қалған саяжай тұрғындарының басқа үйі, бар-жоғы тексеріледі. Егер жалғыз баспанасын су басқаны расталса шығын өтеледі.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу