Құлсары қаласының 3 мыңға жуық тұрғыны қоғамдық штабтың қызметіне жүгінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құлсары қаласының 3 мыңға жуық тұрғыны қоғамдық штабтың қызметіне жүгінді

25.04.2024
Атырау облысы Құлсары қаласында 3 мыңға жуық тұрғын қоғамдық штабтың қызметіне жүгінген. Штаб құрамында 16 маман бар. Бұдан бөлек халыққа қызмет көрсету орталығы, адвокат, нотариус, сот орындаушылары және банк қызметкерлері тұрғындарға кеңес беріп келеді. Тұрғындар біржолғы материалдық көмек көрсету, баспанаға, мүлікке өтемақы алу, төтенше жағдайдың мерзімін ұзарту, несие төлеуді кейінге қалдыру, дәрі-дәрмек алу сияқты мәселелері бойынша ақыл-кеңес алып жатыр.

Дайрабай Елдесбаев, аудандық қоғамдық штабтың мүшесі:

Әкімшілік пен чстың штабын тапалап жатқан адамдардың назарын өзімізге бұрып алдық. Сонымен қатар мынау Цон сияқты банк сияқты басқа халыққа қызмет көрсететін орталықтарды бір адам екі адамнан осы жерге орналастырып, жүйелі жұмыс істеп кетуіне ықпалымызды жасадық.

Нұрсұлтан Нұрсейіт

Хабарламаларға жазылу