![29 тамыз - Жалпыұлттық аза тұту күні](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/8/28/1630162964447.png?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен 29 тамыз Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Бұл күні мемлекеттік ту төмен түсіріліп, ойын-сауықтық шаралар мен осы бағыттағы телебағдарламалар тоқтатылады.
26 тамыз күні Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды. Нәтижесінде 13 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=29 тамыз - Жалпыұлттық аза тұту күні&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/144614/)