Апат кезінде қайтыс болған кеншілердің жеке басы анықталып жатыр. Марқұм болған жұмысшылардың отбасына жан-жақты көмек көрсетіледі. Олардың балаларына да психологиялық қолдау көрсетіледі. Оқу-ағарту министрлігінің, білім басқармасының, Қарағанды облысының Бала құқығы жөніндегі өңірлік уәкілінен тұратын мобильдік топ құрылды. Мобильді топ жұмысының шеңберінде балалардың тізімдері жасалады.
Виктор Гафиулин, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры:
Марқұм болған кеншілердің отбасына қабырғамыз қайысып көңіл айтамыз. Компания тарапынан жан-жақты көмек беріледі. Қазір апат себептері нақтыланып жатыр. Ол үшін жедел штаб отырысы өтуде.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қаза тапқан кеншілердің отбасына барлық қажетті қолдау көрсетіледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/183597/)