Атырау облысында полицейлер Талдыкөл ауылын бақылауға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында полицейлер Талдыкөл ауылын бақылауға алды

27.05.2024

Атырау облысында полицейлер тұрғындары түгел эвакуацияланған Талдыкөл ауылын бақылауға алды. 14 тәртіп сақшысы мен 5 патрульдік көлік тәулік бойы күзетте тұр. Мұндағы мақсат – қараусыз қалған үйлер мен нысандарда талан-таражға жол бермеу. Махамбет және Индер аудандарында Жайық өзенінің деңгейі төмендегені байқалады. Алайда Атырау қаласындағы гидробекетте су 2 см-ге көтеріліп, 597 см-ге жетті. Қазір жауапты мамандар бөгеттерді қосымша нығайтып, кезекшілікті күшейтті. Өткен апта нөпір су жарып өткен Соколок каналындағы жаға бекіту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қаланың басты қорғаныс құрылымы саналатын аумаққа 30-ға жуық арнайы техника мен 100-ден астам адам жұмылдырылған.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу