Каталонияда шерушілер жолдарға бөгет қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каталонияда шерушілер жолдарға бөгет қойды

27.03.2018

Каталонияда тәуелсіздік жақтастары ең маңызды екі жолды бөгеп тастады. Соның салдарынан Фигерас және Альканар елді мекендері жанындағы автомагистральдардағы көлік қатынасы қиындаған. Бұдан бөлек, шерушілер Барселонадағы басты көше Диагональ даңғылын бір сағатқа жауып тастады.

Каталонияда қарсылық акциялары осы аймақтың бұрынғы лидері Карлес Пучдемон Германияда қамауға алынғаннан кейін басталған. Ол Испания Жоғарғы сотының талабы бойынша наурыздың 25-де тұтқындалды.

Пучдемон мемлекет қаржысын талан-таражға салды, көтеріліс ұйымдастырды деп айыпталып отыр. Егер айыбы дәлелденсе, ол 30 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу